Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың тағы алты учаскесінде көліктің орташа жылдамдығын тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер орнату жоспарланып отыр. Ең ұзын бақылау учаскесінің ұзындығы шамамен 90 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу бойынша бірлескен жоспарды жүзеге асыруда.

Жаңа кешендерді келесі учаскелерге орнату көзделген:

• Покровка — Николаевка, Жезқазған — Арқалық — Петропавл автожолы — шамамен 39 шақырым;

• Якорь — Соколовка, Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы автожолы — шамамен 28 шақырым;

• Петерфельд — Покровка, Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы автожолы — шамамен 20 шақырым;

• Знаменское — Полудино, РФ шекарасы — «Қарақоға» өткізу пункті — Петропавл автожолы — шамамен 20 шақырым;

• Сергеевка — Новоишимское, Жезқазған — Арқалық — Петропавл автожолы — шамамен 90 шақырым;

• Бәйтерек — Красная Горка, осы бағыттағы автожол — шамамен 31 шақырым.

Алты учаскенің жалпы ұзындығы шамамен 228 шақырымды құрайды.

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі көліктің екі тіркеу нүктесінің арасындағы қашықтықты қанша уақытта жүріп өткенін есептейді. Егер сол аралықтағы орташа жылдамдық белгіленген шектен жоғары болса, жүйе жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін автоматты түрде тіркейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік тілді оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктері талқыланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *