Солтүстік Қазақстан облысында ет тартқышқа қолын жарақаттаған 21 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Пациентке көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасында ота жасалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Пациент Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөліміне шұғыл жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат салдарынан қолдың сүйектері, сіңірлері мен жұмсақ тіндері зақымданған. Саусақтардың бір бөлігінде травматикалық ампутация болған.
Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Мамандар зақымданған қолды арнайы металл конструкциялармен бекітіп, жараларға хирургиялық өңдеу жүргізді. Сондай-ақ зақымданған сіңірлер қалпына келтіріліп, саусақтарын аман алып қалды.
Операцияны травматолог-ортопедтер Евгений Никонов пен Ислам Қуандықов жасады. Ота барысында анестезиолог-реаниматолог Мансур Сибагатуллин мен операциялық мейіргер Ирина Волынец те жұмыс істеді.
«Хирургиялық емнен кейін пациент дәрігерлердің бақылауында болып, стационарда 16 күн ем қабылдады. Мамандардың негізгі мақсаты – қолдың мүмкіндігінше қызметін сақтап, әрі қарай қалпына келуіне жағдай жасау», — деп хабарлады медициналық мекеме.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-memlekettik-tildi-oqytwda-zhasandy-intellekt-muemkindikteri-talqylandy/

