Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында полицейлер елді мекендердің тазалығын бақылап, заңсыз қоқыс тастау фактілерін анықтап жатыр. 2024 жылдың сәуірінен бері өңірде осы бағытта 38 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыста 94 мобильді топ жұмыс істейді. Олар стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін 2 мыңнан астам рейд өткізді.

Полицейлер Экология департаменті және Табиғи ресурстар басқармасының мамандарымен де бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Арнайы жұмыс тобы проблемалы учаскелерге 41 рет шығып, қоқысты белгіленбеген жерге тастаудың 270-тен астам фактісін анықтады.

2024 жылдың сәуірінен бері полиция қызметкерлері 38 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның 4 624-і қоғамдық орындарды ластауға қатысты. Тағы 33 678 дерек қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзумен байланысты.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды тазалыққа шақырып қана қоймай, өздері де сенбіліктерге қатысып жүр. Мәселен,  тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер мен байланыс инженерлері Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі полиция ғимаратының айналасын тазалады. Қызметкерлер тротуарларды сыпырып, көгалдарды қоқыстан тазартты.Сондай-ақ Алматы, Володарский, Мағжан Жұмабаев көшелеріндегі полиция нысандарының аумағында да тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыратын сайыс өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *