Бюджет қаражатының тиісті жеріне жетуі мен орнымен жұмсалуы. Биыл облыстық Тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда Тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай алқалы жиын өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты.

«15 жыл уақыт — мемлекеттік аудит үшін қалыптасу, тәжірибе жинақтау, үлкен кәсіби мектептен өту кезеңі. Осы жылдар ішінде Тексеру комиссиясы өз жұмысын абыроймен атқарды», — СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов.

Мерейтойлық шараға құрметті қонақтардың бірі Амандық Сейфуллин қатысты. Ол мемлекеттік бақылау жүйесінде 40 жылдан астам еңбек еткен. Оның пікірінше, аталған салада жұмыс істейтін маман адал, әрі еңбекқор болуы керек. Бүгін оған «Тексеру комиссиясына — 15 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.

«Тексеру комиссиясында 2011 жылдан 2019 жылға дейін жұмыс істедім. Облыстағы мемлекеттік бақылау жүйесінің қалануына зор үлесімді қостым. Сала алға баса берсін!», — СҚО бойынша Тексеру комиссиясының ардагері Амандық Сейфуллин.

15 жылдың ішінде Тексеру комиссиясы 250-ден астам аудиторлық бақылау шарасын өткізді. Нәтижесінде 100 млрд теңгенің бұзушылығы анықталып, оның 20 пайызы бюджетке қайтарылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыратын сайыс өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *