Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесін күшейтіп, олардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызмет алуына жағдай жасау қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында осы бағыттағы арнайы заңға баса назар аударуды тапсырды, деп хабарлайжы Qazaqstan Media. 

Президенттің айтуынша, Құрылтай қос палаталы Парламент депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауы тиіс. Солардың ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдауға бағытталған заңның маңызы зор.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында көтергенін еске салды.

«Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек», — деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай балаларға арналған арнайы орталықтардың қолжетімділігін де арттыру қажеттігін айтты. Оның пікірінше, тиісті нысандарды тек облыс орталықтарында ғана емес, ірі аудандардың қалаларында да салу қажет.

«Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. Демеушілер де осы маңызды іс-шараға қатысады деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдау ең алдымен оған шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталуға тиіс екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өз жұмысын бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *