Облыстық мәслихат депутаты, белгілі спортшы Ирина Эктова өз таңдауын жасап, дауыс берді. Оның сөзінше, елдің болашағы – әрқайсымыздың қабылдаған шешімімізден құралады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымды білдіріп, дамыған мемлекетті қалыптастыруға өз үлесіңді қосудың мүмкіндігі. Бұл — облыстық мәслихат депутаты Ирина Эктованың пікірі. Ол бүгін отандастарынан шет қалмай сайлауда дауыс берді.

Ирина Эктова теріскейліктердің барлығы 20:00-ге дейін дауыс бергенін қалайды. Себебі, біздің бүгінгі шешіміміз — ертеңгі күннің іргетасы. Бұл — халық үшін өз пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды сәт

«Еліміз үшін бұл маңызды оқиға. Себебі осындай сайлау бірінші рет болып жатыр. Құрылтай мемлекет дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Жерлестерімді маңызды тарихи күнде белсенділік танытуға шақырамын. Бұл жай сайлау емес, бұл еліміздің даму сатысындағы жаңа кезең», — деді Ирина Эктова.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында Өрмекші адам да дауыс берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *