ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамыз күні таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша ел аумағында 10 363 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Аумақтық сайлау комиссияларының шешіміне сәйкес, 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталған, деп жазады Qazaqstan Media.
Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 азамат енгізілген. Оның ішінде 17 132 адам өздері тіркелген елді мекеннен тыс жерде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін алған.
Жалпы сайлауды өткізу үшін 10 423 сайлау учаскесі құрылған. Оның 79-ы әлемнің 61 мемлекетіндегі Қазақстанның шетелдік өкілдіктерінде орналасқан.

Таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша 16 шет мемлекеттегі 19 сайлау учаскесінде де дауыс беру басталды. Шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы толық ақпарат бір сағаттан кейін өтетін брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан ұсынылады.
Орталық сайлау комиссиясы сағат 10:00-ден бастап әр екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жөніндегі жедел мәліметтерді жариялап отырады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда Құрылтай сайлауы басталды

