Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда сайлау басталды. Таңғы сағат 07:00-ден бастап ел бойынша сайлау учаскелері есігін ашып, азаматтар дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысында да сайлау учаскелері де жұмысын бастады. Өңірде барлығы 543 сайлау учаскесі бар, оның 92-сі Петропавл қаласында орналасқан. Облыста 558 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 15-і аумақтық, 543-і учаскелік комиссия. Комиссиялар құрамына 3196 адам енген.

Сайлаушылар өздері тіркелген учаскеге барып, таңдауын жасай алады. Дауыс беру үшін жеке басты куәландыратын құжат қажет. Облыста ауруханалар мен басқа да мекемелерде орналасқан 13 жабық сайлау учаскесі де жұмыс істейді.

Сайлау учаскелерінің басым бөлігі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кіріседі.

Сайлаудың өту барысы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы дауыс беру белсенділігі туралы Qazaqstan Media жедел ақпарат таратып отырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық нейрохирургтер ми қан тамырларына ота жасаудың жаңа тәсілдерін меңгерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *