Петропавда жазғы биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 10 облысынан спортшылар келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавда жазғы биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 10 облысынан спортшылар келген 100-ден спортшы қатысуда. Барлығы — облыстық сайыста топ жарған кіл мықтылар.

Петропавлда биатлоннан ел чемпионаты басталды
Петропавлда биатлоннан ел чемпионаты басталды

«Бүгін спортшылар спринт бойынша сынға түседі. Қыздар үш шақырымды бағындыруы қажет. Ал ерлер төрт шақырымда бақ сынайды. Осы сайыс арқылы ел құрамасын жасақтаймыз», — деді чемпионаттың бас төрешісі Денис Чуманов.

Жарыс төрт күнге жалғасады. Жасөспірімдер арасындағы сында өңір намысын Дмитрий Гутов қорғауда. Оның биатлонмен айналысып жүргеніне сегіз жылдан асыпты.

Петропавлда биатлоннан ел чемпионаты басталды
Петропавлда биатлоннан ел чемпионаты басталды

«Чемпионатқа үш ай бойы дайындалдық. Басты мақсат — чемпион болу. Жарыс өз жерімізде өтіп жатқасын бізге артылып жатқан жауапкершілік жүгі ауыр», — деді спортшы

Тағы оқыңыз: СҚО-да бірыңғай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *