«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысында жұмысын жалғастырды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар өңір тұрғындарымен кездесіп, білім беру, өндіріс, спорт, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, көпшілікке партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Штаб өкілдері әуелі «Digital Urpaq» алаңында педагогтермен кездесті. Мұнда білім беру жүйесін цифрландыру, педагог кадрларды даярлау және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мәселелері көтерілді.
Құрылтай депутаттығына кандидат Шолпан Каринова партия бағдарламасына сәйкес, 2031 жылға дейін мектептерде кемінде 300 мың, ал балабақшаларда 79 мың жаңа орын ашу жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру, инженерлік, IT және гуманитарлық бағыттағы мектептерді дамыту, инклюзивті білім беруді кеңейту ұсынылды.

Осыдан кейін кандидаттар «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ ұжымымен жиын өткізіп, өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың сұранысына сай мамандар даярлау мәселелерін талқылады.
Кандидат Ерлан Саировтың айтуынша, партия студенттердің өндіріс орындарында тәжірибеден өтуіне көбірек мүмкіндік беруді ұсынып отыр. 2031 жылға қарай студенттердің кемінде 45 пайызын колледждермен қатар кәсіпорындар базасында оқыту жоспарланған.
Өңірдегі кездесулердің тағы бір бағыты – халықтың өмір сапасын арттыру тақырыбына арналды. Үстел теннисі орталығында спортшылармен кездескен кандидат Гүлісхан Нахбаева партия бағдарламасында спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау шаралары қарастырылғанын айтты. Партия 2029 жылға қарай тұрақты түрде спортпен айналысатын қазақстандықтардың үлесін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр.
Бұл бағыт мәдениет және жастар саясаты мәселесіменсабақтасты. Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуде қоғамдық диалог пен мәдени бастамаларды дамыту талқыланды. Кандидаттар партия бағдарламасы аясында жастарға арналған коворкингтер, жасөспірімдер клубтары мен комьюнити-орталықтар ашу ұсынылып отырғанын мәлім етті.
Штаб өкілдері СҚО-дағы жұмысын аграрлық сала мамандарымен кездесумен қорытындылады. Кездесу барысында шаруалар қаржыға қол жеткізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, өнімді қайта өңдеу және маман тапшылығы мәселелерін көтерді.
Құрылтай депутаттығына кандидаттар Константин Петров пен Геннадий Зенченко ауыл шаруашылығына заманауи мамандар даярлау, дуалды білім беруді дамыту, медициналық көмектің, соның ішінде телемедицинаның қолжетімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Партия бағдарламасында 2030 жылға қарай АӨК өнімдерінің экспортын 3,5 есеге арттырып, қайта өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу мақсаты қойылған.
Солтүстік Қазақстан облысы – «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы барған 18-ші өңір. Кандидаттар облыстың Қызылжар, Мамлют, Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарында да кездесулер өткізді. Ал бір күн бұрын Петропавлда 30 мыңнан астам тұрғын қатысқан Open Air іс-шарасы өтті.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

