23 тамызда елімізде өтетін сайлау – әр азаматқа өз таңдауын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды күн. Петропавл қалалық №2 емханасының директоры Нұржан Тағаниязов тұрғындарды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оның айтуынша, мемлекеттің дамуы мен қоғамдағы оң өзгерістерге әр азаматтың белсенділігі ықпал етеді. Сондықтан сайлауға қатысу тек таңдау жасау ғана емес, елдің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

«Еліміздің ертеңі бәрімізге ортақ. Қоғамның дамуына үлес қосу үшін әрқайсымыз өз азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз керек. Сайлау – соның бір мүмкіндігі. 23 тамызда тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауы керек» , – деді Нұржан Тағаниязов.

Ол әсіресе қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың елдегі маңызды үдерістерден шет қалмауы қажет екенін атап өтті.

«Біз медицина саласында адам денсаулығын сақтау үшін еңбек етеміз. Бірақ қоғамның саулығы да әр адамның жауапкершілігі мен белсенділігіне байланысты. Сондықтан ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, өз таңдауымызды білдіру маңызды», – деді қалалық №2 емхана директоры.

Нұржан Тағаниязов тұрғындарды 23 тамызда өтетін сайлауға жауапкершілікпен қарап, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасауға шақырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да білім саласына 162,9 млрд теңге бөлінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *