Қызылжар аудандық мәслихатының депутаты Руслан Асаубаев Құрылтай сайлауы алдында өз пікірін білдірді. Халық қалаулысының сөзінше, жастар науқанға белсенді қатысуы қажет, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тамыздың 23-ші жұлдызына белгіленген сайлау — әрбір азаматтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға. Ел тұрғындары халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсартатын заңдарды қабылдайтын болашақ депутаттарды таңдайды. Бұл науқаннан бірде-бір адам шет қалмауы керек.
«Сайлау тамызда болатынын наурызда білдік. Барлық партиялардың дайындыққа уақыты жеткілікті болды. Бұл өз бағдарламаларын халыққа сапалы түрде ұсынуға мүмкіндік берді. Біздің өңірде егде жастағы азаматтар әдеттегідей сыртта қалмай, дауыс береді деген сенімдемін. Жастар — елдің келешегі. Болашақта елді дамытып, көркейтетін бүгінгі ұл-қыздарымыз. Ал келе жатқан Құрылтай сайлауы — олар үшін мемлекеттік деңгейдегі іске араласу жолындағы алғашқы қадамдардың бірі. Сондықтан олар науқанға белсенді қатысуы қажет», деді спикер.
Айта кету керек, Құрылтай 8 комитет пен 145 мандаттан тұрады. Депутаттыққа 545 адам үміткер. Халық қалаулылары тек бес жылға сайланады
Тағы оқыңыз: «Қызылжар» ФК өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдайды

