Петропавлда «Абай — дана, Абай — дара» атты облыстық байқауы өтті. Шығармашылық сайысқа тек өзге ұлт өкілдерң ғана қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Абай — дана, Абай — дара» атты облыстық байқауы өзге ұлт өкілдерінің арасында өтті. Шараның басты мақсаты — қазақтың біртуар перзентінің мұрасын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетінің қолданыс аясын кеңейту.

«Шараға қатысушыларға жас ерекшелігі бойынша шектеу қоймадық. Сайыста өнер көрсететіндердің ең кішісі — 7 жаста, ең үлкені — 40-тан асқан. Байқауға қатысуға өте көп өтініш түсті. Солардың ішінен іріктеу жүргізіп, 30 адамды таңдап алдық. Оларға қойылған ең басты талап — тіл тазалығы», — деді СҚО тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатұлы.

Өзге ұлт өкілдеріне қарап көз сүйсінеді. Барлығының байқауға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Олар мәнерлеп оқу, тіл тазалығы жағынан ақындардан кем түспеді.

СҚО-да өзге ұлт өкілдері Абайдың шығармашылығынан бақ сынады
СҚО-да өзге ұлт өкілдері Абайдың шығармашылығынан бақ сынады

«Мен Абайдың 30-ға жуық өлеңін білемін. Бүгінгі байқауда оның «Қыс» өлеңін оқимын. Абайдың шығармашылығын зерттеп жүргеніме 10 жылдан асты. Бүгінгі сайыста жеңімпаз атанғым келеді», — деді байқауға қатысушы Александр Шелест.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпазға — 100 мың, екінші орын алған жанға — 80, үздік үштіктен көрінген қатысушыға 60 мың теңге табысталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Жастар» спорттық спартакиадасы өз мәресіне жетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *