Волейболдан ел чемпионатында өңір намысын қорғап жүрген «Есіл СК ерлер волейбол клубы атауын өзгертті. Енді команда «Қуаныш» деп аталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Команда жаңа маусымда «Қуаныш» деген атпен өнер көрсетеді. Бірақ, ұжымда өзгерген тек атау. Клубта еш өзгеріс орын алған жоқ.

Айта кету керек, «Қуаныш» ерлер волейбол клубы 2002 жылы құрылған. Олар ұлттық лигада өнер көрсетеді. Еліміздің жетекші клубтарының бірі деп айта аламыз .

2016,2021 және 2024 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері. 2022 жылы ҚР Кубогында екінші орын алса, 2023 жылы ҚР Суперкубогында да күміс жүлдені еншіледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да белсенді жастар қаржылай гранттарға ие болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *