Қазақстанда «Таза Қазақстан» бастамасы жаңа Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттардың бірі ретінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Президент жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media. 

Үкімет басшысы жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мен табиғи байлыққа ұқыпты қарау әр азаматтың басты міндеті ретінде белгіленгенін атап өтті. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлықты күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикада «Таза Қазақстан» аясында 1 миллионнан астам ағаш отырғызылған.  4 миллионнан астам адамның, оның ішінде 510 мың еріктінің қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. 76 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 413 мың тонна қоқыс шығарылды. Оның 115,7 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберілген.

Ал бастама іске қосылған үш жыл ішінде елді мекендерде 5,6 миллионнан астам ағаш отырғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 миллиардтан астам көшет егілді.

Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» бүгінде бір реттік сенбіліктермен шектелмейтін, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясатқа айналғанын айтты.

Тағы оқыңыз: Биыл Қозыбаев университетіне рекордтық көлемде грант бөлінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *