Петропавл қаласының прокуратурасы биылғы наурыз айында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесін сотқа берген болатын. Оларға тыйым салынған «КыздарНет» сайты арқылы интимдік қызметтерді насихаттап, жарнамалауға жәрдемдесті деген айып тағылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Тергеу мәліметінше, топтың заңсыз қызметі ақылы интимдік қызмет көрсететін адамдардың сауалнамаларын жариялап, оларды белгіленген тарифтер бойынша жарнамалауға негізделген.
2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «КыздарНет» сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдесу фактісі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкімді шығарды.
Сот барлық алты айыпталушыны кінәлі деп таныды. Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған бес қатысушының әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бес жасар бала түнде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

