Мағжан Жұмабаев ауданында алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты заңнаманы бірнеше рет бұзған. Енді кафе иесі алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан өмір бойына айырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Полицияның мәліметінше, бұл – алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын қайталап бұзғаны үшін қолданылған ең қатаң шаралардың бірі. Лицензиясынан айырылған кәсіпкер кейін өз бизнесін сатуға мәжбүр болған. Нысанның жаңа иесі барлық қажетті құжаттарды рәсімдегенімен, мекеме бұрын қоғамдық тәртіптің бірнеше рет бұзылуына байланысты полицияның ерекше бақылауында қалып отыр.

Жыл басынан бері Мағжан Жұмабаев ауданындағы сегіз қоғамдық тамақтану орнында алкоголь өнімдерін заңнама талаптарын бұза отырып сату деректері анықталды. Атап айтқанда, ішімдік түнгі уақытта немесе 21 жасқа толмаған азаматтарға сатылған. Осы құқық бұзушылықтар үшін аталған нысандардың алкоголь өнімдерін өткізуге берілген лицензиялары бір ай мерзімге тоқтатылды.

Аудандық полиция бөлімінің айтуынша, жыл басынан бері ауданда мас күйінде жасалған 11 қылмыс тіркелген. Осыған байланысты алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы бақылау күшейтілген.

Алты ай ішінде полиция қызметкерлері үй жағдайында немесе лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатудың 12 фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 200 литрден астам, оның ішінде контрафактілік алкоголь өнімдері тәркіленді. Сондай-ақ алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлі емделуге сегіз адам жіберілген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «КыздарНет» сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдесу фактісі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкім шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *