Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,2 млн гектардың 1,5 млн гектары немесе 70%-ы өңделді, деп жазады Qazaqstan Media.

Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары уақтылы әрі толық көлемде жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Биыл 2,2 млн гектар алқапты өңдеу жоспарланған. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Мұндай нәтижеге Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесінің едәуір жетілдірілуінің арқасында қол жеткізілді.

Атап айтқанда, қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, соның нәтижесінде сатып алу үдерістері орталықтандырылып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты.

Сондай-ақ желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормасы қайта қаралып, 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Соның арқасында жұмылдырылған техника саны 556 бірлікке жетіп, 2025 жылмен салыстырғанда 25%-ға артты.

Бұдан бөлек, фитосанитариялық қызметтің техникалық паркі жаңартылып, 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторингтік зерттеу жұмыстарына, ал 46-сы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «FITOCENTRE» қосымшасы іске қосылды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО)-мен бірлесіп цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға бағытталған серіктестік жоба жүзеге асырылуда.

Өңірлердегі жедел штабтар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Жас маман – жаңа қадам» V облыстық жас педагогтер слеті аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *