Петропавлда «Түріміз бөлек – теңдігіміз бір» атты балалар шеруі өтті. Шара «Саналы ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда «Түріміз бөлек – теңдігіміз бір» атты балалар шеруі өтті. Қолдарына түрлі баннерлер ұстаған жеткіншектер басты алаңнан орталық алаңға дейін жүріп өтті. Басты мақсат — қоғамдағы теңдік қағидатын насихаттау, балалар арасында достықты нығайту. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу.
«Шараға 300-ге жуық бала қатысады. Мұндай іс-шаралар балалардың бір-біріне деген құрметін арттырып, қауіпсіз әрі мейірімді орта қалыптастыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да мұндай тағылымы мол жиындарды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — деді Петропавл қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Карина Швеглер.
Балалардың ұлттары бөлек болғанымен, олар өздерін қазақстандықпыз деп санайды. Бұл бастама болашақта елін сүйер өскелең ұрпақ тәрбиелеуге көмектеседі. Айта кету керек, ұл-қыздар орталық алаңға жеткеннен кейін, оларға арнайы концерт ұйымдастырылды. Түрлі ойындар ойнатылды. Балалар мәре-сәре болып үйлеріне қайтты.
Тағы оқыңыз: Жержаңғаққа тұншығып қалған сәби дәрігерлердің арқасында аман қалды

