Ыстықтан шаршаған солтүстікқазақстандықтар мен өңір қонақтары осы күндері өзен-көлдерге ағылуда. Жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін Петропавлда кезекті акция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Басты қағидадан естен шығармайық – ақырын жүріп, анық бас. Жағажайға табан тигізген әрбір демалушы осыны білуі керек. Дегенмен, бұл талапқа барлығы бірдей құлақ аспайды. Салдарынан жазатайым жағдайлар орын алады. Бұған жол бермеу үшін Петропавлда кезекті акция өтті.

СҚО-да су жағасында демалып жүрген жандарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
СҚО-да су жағасында демалып жүрген жандарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

«Бүгінгі «Судағы қауіпсіздік» акциясы облыстық прокуратурамен бірге ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері күнде бақылау шарасын өткізеді. Көбінесе тыйым салынған орындар тексеріледі. Қазіргі таңда ереже бұзғае адамдарға 54 хаттама толтырылды», — деді СҚО ТЖД аға инженері Абылайхан Жақсылық.

Пестрое көлі жағасында демалған жандарға қауіпсіздік ережелері айтылды. Негізгі талаптар жазылған жадынама қағаз да таратылды. Акция барысында демалушыларға алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар да айтылды. Биыл қауіпті орындарға жүзуге тыйым салу белгісі орнатылған.

Акция ұйымдастырушыларының сөзінше, өңірде 61 орында ғана шомылуға болады. Олар 13 көл мен Есіл өзенінің бойында орналасқан. Егер адамдар рұқсат етілмеген жерде суға түссе, жазаға тартылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер азаматтарға бет-жүзді тұмшалауға қатысты талаптарды түсіндіруде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *