СҚО тұрғындарына жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген қостанайлық алаяқ сотталды. Ол үш адамды алдап, ақша алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мағжан Жұмабаев ауданының үш тұрғыны интернет-алаяқтың құрбаны болған. Алаяқ WhatsApp мессенджеріндегі топтарда жүргізуші куәлігін емтихансыз және түрлі рәсімдерден өткізбей алып беруге уәде еткен хабарландырулар жариялапты.
 Нәтижесінде үш эпизод бойынша келтірілген шығын көлемі 350 мыңнан 405 мың теңгеге дейін жетті. Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қостанай қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
 
Жәбірленушілердің бірі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына үш рет барған. Ол өзін белгілі бір адамдар қарсы алады деп сенген. Әр жолы күдікті түрлі рәсімдерді айналып өту үшін тағы ақша жіберу қажет екенін айтқан.
 

«Тергеу бір айдан астам уақытқа созылды. Жиналған дәлелдер айыпталушының кінәлі деп тануға жетті. Алаяқ 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айырылды», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жержаңғаққа тұншығып қалған сәби дәрігерлердің арқасында аман қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *