Енді жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспортты eGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады, деп хабарлайды QM.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті. Мамандардың айтуынша, бұған дейін eGov.kz порталында жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру бойынша мемлекеттік қызмет жаңартылған болатын.

Енді бұл қызметті пайдаланушылар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да ала алады. Қызмет алу үшін:

  • Басты беттен «Азаматтарға» → «Жылжымайтын мүлік» бөліміне өтіңіз;
  • «Тұрғын үй қатынастары» бөлімін және «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» қызметін таңдаңыз;
  • Қажетті деректің барлығын толтырыңыз;
  • Өтінімге қол қойып, нәтижесін жеке кабинеттен алыңыз.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ұлттық спорт түрлерінен «Қызылжар–2026» облыстық спартакиадасы бастау алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *