Петропавлда отандық полицейлердің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Шарада 30-ға жуық шенді құрметке бөленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда ҚР Полиция күніне орай салтанатты шара өтті. Басқосуда өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мереке иелерін құттықтап, полицияның қоғам үшін маңызына тоқталды.

СҚО-да тәртіп сақшылары құрметке бөленді
СҚО-да тәртіп сақшылары құрметке бөленді

«Қоғамның тыныш болуы — сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасы. Сіздердің жұмыстарыңыз жас ұрпақ үшін өнеге. Барлықтарыңызға жұмыста жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін», — деді СҚО әкімі.

Мерекелік шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар шенді марапатталды. Олардың қатарында Кәмшат Аманқұлова да бар. Нәзікжанды қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінде аға инспектор болып жұмыс істейді. Білікті маманның аталған салада тынымсыз еңбек етіп жүргеніне 20 жылға жуықтапты.

«Бізде бекітілген жұмыс уақыты жоқ. Мереке күндері күшейтілген режимде еңбек етеміз. Бірақ осы салаға келгеніме еш өкінбеймін. Әйел адамға полицияда қызмет ету қиынырақ. Себебі, үйдегі жұмысымыз да бар», — деді марапат иесі.

Бұл күні 30-ға жуық полицей құрметке бөленді. Оларға облыс әкімі мен ішкі істер министрінің атынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды. Айта кету керек, қазіргі таңда өңірде 2200-ден астам тәртіп сақшысы еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да автобус жүргізушісі орындықтардың орнына төсек орнатқан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *