Бүгін футболдан әйелдер құрамасының тоғызыншы тур ойындары өтіп жатыр. Оның аясында жергілікті «Қызылжар» ӘФК қарсыласын ойсырата ұтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жергілікті «Қызылжар» әйелдер футбол клубы қарағандылық «Шахтермен кездесті. Матч «Қарасай» стадионында өтті.
Матч толықтай жергілікті қыздардың бақылауында болды. Ойынның бірінші таймында теріскейлік қарсылас қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты. Екінші таймда тағы үш мәрте қақпаны дәл көздеп, матчта 11-0 есебімен жеңіске жетті.
Қазіргі таңда «Қызылжар» ӘФК турнирлік кестеде 12 ұпаймен төртінші орында тұр. Теңбіл доп шеберлері сегіз ойында екі рет қана жеңіліс тапқан. Команда келесі ойынын жетінші шілде күні дәл осы командаға қарсы өткізеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 22 жастағы жігіт қарт әкесін ұрып-соғып, оны видеоға түсірген

