23-маусым — мемлекеттік қызметші күні. Осыған орай Петропавлда мерекелік шара өтіп, бірнеше адам құрметке бөленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жалпы өңір тұрғындарына жыл сайын 8 мыңға жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олардың 95 пайызы онлайн форматта орындалады. Бұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің қажырлы еңбегінің арқасы.

«Қазіргі таңда облыста төрт мыңнан астам мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Олардың 88 пайызында жоғары білімі бар. Барлығы білікті әрі өз ісіне адал. Осы ретте бүгін арнайы салтанатты іс-шара өтуде. Оған 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып жатыр», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Дархан Хайруллин.

Бүгінгі іс-шарада құрметке бөленген арасында Полудино ауылдық округінің әкімі Мәдениет Қалиев те бар. Азаматтың салада 26 жылдық еңбек өтілі бар. Бүгін оған «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.

23-маусым - мемлекеттік қызметші күні. Осыған орай Петропавлда мерекелік шара өтіп, бірнеше адам құрметке бөленді
23-маусым — мемлекеттік қызметші күні. Осыған орай Петропавлда мерекелік шара өтіп, бірнеше адам құрметке бөленді

«2000-шы жылдары Полудина ауылдық округінің халқы мені әкім лауазымына ұсынды. Сол кезден бері қызмет етіп келемін. Мемлекеттік қызметкер ісіне адал, еңбекқор болуы қажет. Әрдайым ізденісте жүргені абзал. Әр құжатты жіті қарағаны дұрыс. Себебі, бір қателік үлкен мәселеге айналуы мүмкін», -дейді марапат иегері.

Айта кетейік, іс-шара барысында 30-дан астам қызметкер құрметке бөленді. Оларға «Үздік мемлекеттік қызметші», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен әрі алғыс хат, грамоталармен марапатталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 1500-ден астам адам «Жеке менеджер» сервисін пайдаланған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *