24 маусымда Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады. Осыған байланысты Ұлттық банк қатар айналым мерзімі аяқталғаннан кейін де барлық банк пен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға тағы 3 жыл бойы айырбастайтынын еске салды. Ал Ұлттық банктің филиалдарында мұндай банкноттар қабылдана береді, деп жазады Qazaqstan Media.

 
Бұған дейін маусымда 2012 жылғы үлгідегі 10 мың теңгелік банкнот та қатар айналымнан шығарылады деп жоспарланған еді. Алайда кейін оның айналым мерзімі 2027 жылғы шілдеге дейін ұзартылды.

«2 000 және 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналымын бір уақытта аяқтау банк жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін. Сондықтан мерзімді ұзарту азаматтар мен бизнеске ескі банкноттарды жаңа үлгіге біртіндеп әрі ыңғайлы ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ескі үлгідегі банкноттардың табиғи түрде тозуына жағдай жасайды», — деп түсіндірді Ұлттық банктегілер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *