Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Қосым Дүйсенәліұлы Аңсатбаев келді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қосым Аңсатбаев 1981 жылы туған. Ол Қазақ гуманитарлық заң университетін, «Болашақ» университетін және «Нархоз» университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша заңгер, құрылысшы және іскери әкімшілік ету саласының маманы.

Еңбек жолында Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. Атап айтқанда, Сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасында, Кәсіпкерлік және индустрия департаментінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеді.

Кейін сәулет-құрылыс саласындағы басшылық қызметтерге көтеріліп, Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде бөлім басшысы, басшының орынбасары және басшысы болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Әр жылдары Астана қаласындағы Нормалау және құрылыс орталығының директоры, Ақпараттық модельдеу орталығы директорының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін жеке компанияда техникалық-экономикалық негіздеме және сараптама жөніндегі үйлестіруші болып жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін құрылыс басқармасын Қайролла Ғалеев басқарған болатын. 

Тағы оқыңыз: 2026-2027 оқу жылынан бастап мектептерде не өзгереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *