Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні! Айтулы датаға орай 35 медицина қызметкері бөленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Кардиолог, онколог, акушер-гинеколог, медбике мен зертхана зерттеушісі. Бұл күні қарашаңырақтың үлкен залы қоғамдағы аса жауапты саланың жүгі арқалаған мамандарға толды. Жиналған дүбірлі жұртты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, дәрігерлердің қоғамдағы рөліне тоқталды.

СҚО-да медицина қызметкерлері құрметке бөленді
СҚО-да медицина қызметкерлері құрметке бөленді

«Медицина саласындағы қызметтің қиындығы мен жауапкершілігі кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да бұл кәсіпті жігері мықты, ниеті таза, жүрегі мейірімге толы жандар ғана таңдайды. Әр құтқарылған өмір, әр сауығып кеткен науқас – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі», — деді СҚО әкімі.

Құттықтау сөзден кейін кезек марапаттау рәсіміне келіп жетті. Ең алғаш болып облыстық онкологиялық орталық директорының орынбасары Ермек Әбдірейімов құрметке бөленді. Оған Мемлекет басшысының Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» ордені табысталды. Айта кету керек, білікті маман аталған салада жарты ғасырдан астам уақыт еңбек етіп жүр.

СҚО-да медицина қызметкерлері құрметке бөленді
СҚО-да медицина қызметкерлері құрметке бөленді

«Дәрігер өзінің мамандығын сүйгенде ғана білікті маман бола алады. Жас мамандарға әрдайым ізденіңдер деп айтар едім. Заман талабына сай болу да аса маңызды», — деді марапат иесі.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның туризм саласында жүзеге асып жатқан тың жобалар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *