Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 400-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған 400-ге жерлесіміз қатысты. 25 жұмыс беруші жұмыс ұсынды. Шараны қалалық Мансап орталығы ұйымдастырып отыр.
«Жыл басынан бері Мансап орталығы арқылы мың жарымға тарта адам тұрақты әрі уақытша жұмыспен қамтылды. Ал 25 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Жалпы, биылғы жылдың соңына дейін 3 жарым мыңға жуық шаһар тұрғынын жұмыспен қамту жоспарда бар. Бұл – біздің өткізіп отырған 6-шы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі», — деді қалалық Мансап орталығының директоры Дәурен Зейнуллин.
Айта кетейік, бұдан бөлек бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн форматта Enbek.kz платформасында өтті. Жүйе арқылы кез келген азамат өзі ұнатқан вакансияны таңдап, жұмысқа тұруға өтініш жібере алады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да киберқауіпсіздікке арналған тренинг өтті

