Петропавлда демалыс күндері полицейлер жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруінің 19 фактісін анықтады. Олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
 
Полицейлер әр күні түнгі көшелерді, ойын-сауық орындарын, саябақтарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандар болуы мүмкін деген өзге де орындарды тексереді.Пёстрое көлі жағалауындағы эко-парк түнгі серуенді ұнататын жастардың жиналатын орындарының біріне айналды. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін полицейлер қаланың жаңа көрікті жерінтұрақты түрде бақылауда ұстайды.
 
Өткен демалыс күндері жасөспірімдердің сағат 23:00-ден кейін тұрғынжайдан тыс жерде болуының 19 фактісі анықталды. Ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Н.Назарбаев көшесі бойында полицейлер патрульдік көліктерден бой тасалап келе жатқан 15 жастағы қызды байқады. Ол өз үйінен шамамен екі шақырым қашықтықта жүрген. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын көрсетті.

«Аталған факті бойынша материалдар жиналуда. Енді оның заңды өкілдері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия алдында жауап беретін болады. Жыл басынан бері облыс орталығында полицейлер жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруінің 375 фактісін, сондай-ақ 18 жасқа толмағандардың алкогольдік ішімдік ішуінің 57 фактісін анықтады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына 51 материал жолданды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Наталья Богданова алғашқы айналымда жарыс жолынан шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *