Таңертең Ақжар ауданында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Дәуіт ауылының маңында жеңіл көлік аударылып кеткен. Көліктің ішінде ер адам мен жасөспірім болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Жол апаты таңғы сағат тоғыздар шамасында орын алған. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадасы жетті. Дәрігерлер зардап шеккендерді аудандық орталық ауруханаға жеткізді.
Анықталғандай, ер адам мен жасөспірім Уәлиханов ауданында тұрады. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«42 жастағы жүргізуші өте көп жарақат алған. Сондай-ақ алтыншы мойын омыртқасының сынуы мен шығуы диагнозы қойылған. Бұдан бөлек, осы жарақаттың асқынуы салдарынан ер адамның қолдары жартылай жансызданған», — деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Екінші зардап шегуші — 16 жастағы жасөспірім. Оные оң жақ тізе буыны сынған. Қазіргі уақытта аудандық дәрігерлер науқастарды құтқару үшін бар күшін салуда. Аурухана басшылығы оларды тасымалдау мәселесін шешіп жатыр. Болжам бойынша, зардап шеккендерді Петропавл қаласына санитарлық авиацияның арнайы бортымен жеткізеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *