Облысқа жұмыс сапарымен Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің басшысы Айбек Досымбетов келді. Ол өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда елімізде 800-ден астам волонтерлік ұйым бар. Онда 300 мыңға жуық ерікті жұмыс істейді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда алты есе көп. Статистикаға қарар болсақ, соңғы жылдары белсенді жандардың саны артқанын көруге болады. Келген мейманның айтуынша, бүгінде Қазақстанда салалық волонтерлікке ерекше көңіл бөлінуде.

СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар

«2025 жылдан бастап салалық волонтерлікті дамытудамыз. Өңірлердегі басқармалармен меморандумға отырдық. Ондағы қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Айта кету керек, волонтерлік қызмет Конституциялық деңгейде қорғалады», — деді Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің басшысы Айбек Досымбетов.

Ауа райының ыстық-суығына қарамастан көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүрген теріскейліктер де жетерлік. Қазіргі таңда облыста 10 мыңнан астам волонтер бар. Олар зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласады. Тұрғындарға түрлі бағыттар бойынша кеңес береді, экологиялық шаралардан қалмайды. Бар ақпаратпен облыстық «Birgemiz» фронт-офисінің басшысы Анастасия Волкова бөлісті.

«Биыл 300-ден астам әлеуметтік қызмет алушыға көмек көрсеттік. 200-ден астам экологиялық шара ұйымдастырдық. Тарихи-мәдени нысандарды күл-қоқыстан тазарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлеміз. Жыл басынан біздің бастамамызбен тұрғындарға арналған 30-дан астам құқықтық кеңес өткізілді. Аталған жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», деді Анастасия Волкова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мас жүргізушілердің кінәсінен бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *