Петропавлда адасып кеткен үш жасар балақай табылды. Ол анасы жұмыста, әкесі ұйықтап жатқан кезде үйінен өзі шығып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға желісіне тоқталсақ, анасы жұмысқа кеткен кезде оның жұбайы мен екі кішкентай баласы ұйықтап жатқан. Жеткіншек ерте оянып, үйден өз бетінше шығып кеткен. Оның «саяхаты» шамамен екі сағатқа созылды.

Баланы төртінші маусым күні №7 бағыттағы автобустың кондукторы көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген кішкентай баланы байқап қалған. Бүлдіршіннің қауіпті жағдайда қалуы мүмкін екенін түсінген ол балақайды автобус салонына кіргізіп, «102» нөміріне хабарласқан. Ювеналдық полиция қызметкерлері кішкентай «жолаушыны» дереу алып кетті. Кішкентай бала өзінің мекенжайын айта алмады. Баланың ата-анасын анықтау үшін полицияның барлық сыртқы қызметтерге жүгінді.

Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары оны көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Алайда бүлдіршінді ауруханаға орналастыру қажеттігі туындаған жоқ, себебі оның заңды өкілдері анықталып, ұлдарын үйіне алып кетті.

«Баланың әкесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ полицейлер балалардың тұрмыс жағдайын тексеріп, ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында тұрғындардың 96%-ы мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *