Тайынша ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Алтыншы маусым күні аудан көлемінде сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына белсене қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сенбілік барысында шөптер орылып, электр желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар су ағызу арналары тазартылып, айналадағы аумақтар ретке келтірілді. Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов сенбілікке қатысқан тұрғындарға алғысын білдірді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке қатысқан барша тұрғындарға ризашылығымды білдіремін. Аудан тұрғындарының туған жеріне жанашырлық танытып, табиғатты аялауға өз үлесін қосуы өте маңызды. Таза, жайлы әрі көрікті аудан — барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз бен бірлігіміздің жемісі, — деді аудан әкімі.

Сондай-ақ «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында қатысушылар Шағалалы өзенінің жағасын қоқыстан тазартып, тәртіпке келтірді. Аудан орталығында «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» тақырыптарында муралдар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, «Достық» орталық алаңын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылысшылар жаңа кеспетастар төсеп, асфальт жабындысын жаңарту жұмыстарын жүргізуде.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында жазғы сауықтыру лагерінің алғашқы маусымы бастау алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *