Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің берік негізін қалыптастырып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Бұл — Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың пікірі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ата Заң мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті айқындап, елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қызмет етеді. Конституцияда Қазақстан халқының бірлігі, теңдігі және ортақ жауапкершілігі басты қағидалардың бірі ретінде белгіленген. Бұл норма ел азаматтарының ұлтына, тіліне, дініне қарамастан тең құқықтарға ие екенін және ортақ мақсат жолында топтасқанын білдіреді. Аталған қағида қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және мемлекеттің орнықты дамуына негіз болады.

«Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты міндеттердің бірі ретінде айқындайды. Мемлекет әрбір азаматтың заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беріп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізеді. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, қоғамдағы бірлікті нығайтады», — деді Сәуле Зейноллақызы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *