Петропавлда ауқымды флешмоб өтті. Шара «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында Петропавл қаласының орталық алаңында ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың назарын отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне аудару. Сонымен қатар, мәселенің алдын алу және қоғамда бұл мәселеге бейжай қарамау мәдениетін қалыптастыру. Шараны қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Флешмобқа 150-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында шетелден келген қонақтар да болды. Солардың бірі – Австралияда тұратын, Петропавл қаласының тумасы Ю Бавика. Ол мұндай шаралардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Мен Петропавлға бүгін ғана келдім. Орталық алаңда өтіп жатқан флешмобты көріп, қатысуға шешім қабылдадым. Австралияда да осындай әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Олар қоғам үшін өте қажет деп есептеймін», — деді Ю Бавика.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бейбітшілікті насихаттауға бағытталған шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *