«Қызылжар» футбол клубының маусым айына арналған күнтізбесі жарияланды. Жергілікті теңбіл доп шеберлері аталған айда төрт ойын өткізеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Қызылжар» ФК алдымен қостанайлық «Тобылға» қонаққа барады. Ойын 13-і маусымға жоспарланған. Басталу уақыты: 16:00.

Кейін қырандар қазіргі ел чемпиондары алматылық «Қайратқа» қонаққа барады. Ойын 17 маусым күні сағат 19:00-де басталады. Кейін онтүстікастаналық команда Петропавлға келеді. Ойын 21 маусымға жоспарланған. Басталу уақыты: 18:00.

«Қызылжар» ФК маусымдағы соңғы ойынын қонақта семейлік «Елімаймен» бақ сынасады. Аталған төрт ойында қырандар сәтті өнер көрсетіп, турнирлік кестеде жоғары көтеріледі деп сенеміз. Айта кету керек, қазіргі таңда теріскейлік ұжым турнирлік кестеде 15 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *