Петропавлда «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз» республикалық акциясы аясында шара өтті. Жиынға «Мейірім мен достық» тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шарада бейбітшілік пен адамдар арасында сыйластықты насихаттауға бағытталған. Кездесуге жастар, оқушылар мен кішкентай балалар қатысты.
«Бүгін балалар үшін түрлі ойындар мен байқаулар өткізудеміз. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық қағаздар таратамыз. Іс-шараның басты мақсаты – халыққа зорлық-зомбылықтың не екенін түсіндіріп, оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беру. Әр адам жайсыз жағдайларға тап болмай, өз құқықтарын білуі маңызды», — деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.
Іс-шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Шара қатысушылардың көңіл-күйін көтеругк бағытталған. Балалар бірлік пен достықтың маңызын көрсететін қызықты байқауларға қатысып, ерекше әсер алды.
Қазіргі таңда ешкім қысымның, күш көрсетудің құрбаны болмауы тиіс. Қатысушылардың қолында қызғылт-сары түсті шарлар бар. Бұл – әлемдегі бейбітшіліктің символы. Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамның назарын балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселесіне аудару.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

