Петропавлда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде өңірдің 30-дан астам кәсіпорны мен мекемесі тұрғындарға жұмыс ұсынды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, олардың кәсіби және жеке дамуына жағдай жасау, сондай-ақ жастарға арналған түрлі мүмкіндіктер туралы ақпарат беру. Жәрмеңке аясында бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлікті дамыту, құқықтық кеңес беру, психологиялық қолдау және мемлекеттік жастар бағдарламалары бойынша консультациялық алаңдар жұмыс істеуде», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының нұсқаушысы Айнұр Сәрсенбаева.

Іс-шараға жоғары оқу орнын және колледж тәмамдайтын түлектер, өз мамандықтары бойынша жұмыс таппай жүрген жас мамандар және NEET санатындағы жастар қатысты. Қатысушылар мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдерімен тілдесті. Сұрақтарына жауап алды. Айта кету керек, жәрмеңке аясында 150-ден астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер ер адамнан шолақ мылтық пен қолдан жасалған граната тәркіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *