Облыста егіс науқаны аяқталуға жақын. Жер емген диқандар маңызды істің 94 пайызын аяқтап үлгерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Теріскейлік диқандар егіс науқанын аяқтауға жақын. Еңбеккерлер бір айдың ішінде 3 млн 900 мың гектар аумаққа дән сеуіп үлгерді. Оның 2 млн 800 мың гектары — дәнді-дақылдар, 934 мың — майлды дақылдар, қалғаны жем-азық пен көкеністерне арналған алқаптар. Айта кету керек, облыста маңызды науқанға 12 мыңнан астам техника шықты.
«Диқандарға егіс және орақ науқанын ойдағыдай өткеру үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген пайызбен 170 млрд теңге несие берілді. Аграрилеріміз биыл 59 мың тонна жанар-жағармаймен және 360 мың тонна минералды тыңайтқышпен қамтамасыз етілді. Ауа райы қолайлы болса маңызды істі бесінші маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Мал дәрігерлерінің айлығы өседі

