Үкімет ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Отырыста Мал дәрігерлерінің айлығы екі жарым есеге өсетіні де айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мал дәрігерлерінің айлығы екі жарым есеге өседі. Мәселен, орта білімі бар қызметкердің жалақысы 210 мың теңгеден 350 мыңға көтеріледі. Үкімет ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Құжатта жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күрестен бастап, фармацевтика технологияларын дамыту мен саланы цифрландыруға дейінгі 8 бағыт қамтылған. Жауаптылардың айтуынша, бұл игі бастама ветеринарлық қызметті нығайтып, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Игі бастама ел аумағына инфекциялардың енуі мен таралуына жол берілмеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кешенді жоспарда 2030 жылға дейін ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын 80%-ға дейін жаңарту көзделген.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы адам көп жүретін орталықтарда тұрғындардың денсаулығы тексерілді

