СҚО-да 1-5 маусым аралығында 18 жастан асқан этнос өкілдеріне арналған бес күндік күндізгі тілдік лагерь ұйымдастырылады. Жобаның басты мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды қазақ тілін тілдік орта арқылы оқытады. Басты мақсат — мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын және ұлттық құндылықтарын насихаттау. Тілдік лагерьге 20 қатысушы іріктеледі. Лагерь бағдарламасы күн сайын сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.

Шара қазақ тілін оқыту курстары мен ұлттық бағыттағы шеберлік сағаттарын қамтиды. Жалпы оқу көлемі – 30 академиялық сағат, ал шеберлік сағаттарына 10 сағат бөлінеді. Лагерь бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді. Қатысушылар қазақ халқының тарихи орындары туралы слайд-бейнелермен танысып, ұлттық тағамдарды әзірлеу бойынша шеберлік сағаттарына қатысады. Сонымен қатар табиғат аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

«Іс-шараны өткізу үшін ұлттық нақышта жабдықталған киіз үй, ұлттық тағам дайындау аймағы, техникалық құралдармен қамтылған оқу орны және демалыс алаңдары қарастырылады. Лагерь соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Жоба мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, этнос өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға және қоғамдағы рухани-мәдени бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады», — деп мәлімдеді СҚО мәдениет, тілдерді және архив ісі басқармасыының тіл орталығы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 111 баланы кене шаққан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *