Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтар жаңа схема ойлап тапқан. Қулар жерлесімізге барлығы бір миллион 800 мың теңге шығып келтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Әдеттегідей, барлығы SMS арқылы келген төрт таңбалы кодты айту туралы өтініштен басталған. Алаяқ облыс тұрғынына өзін халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырған. Мемлекеттік бағдарлама аясында келесі оқу жылында мектеп оқушыларына тегін тамақ рәсімдеуді ұсынған. Код құжаттарды қарау кезегіне қою үшін қажет болған.
Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел депозиттегі жинақ ақшасынан айырылған. Сонымен қатар, өз атына несие рәсімдеген. Жалпы келтірілген шығын 1 миллион 850 мың теңгеден асты.
«Antifraud» жүйесінің көмегімен полицейлер 600 мың теңге көлеміндегі бір аударымды бұғаттады. Бұл қаражат жәбірленушіге қайтарылды. Қалған ақша қылмысқа қатысы бар тұлғалар есебінен сот шешімімен өтелуі мүмкін.
«Құқық қорғау органдары азаматтарды күмәнді қоңырауларға сенбеуге, SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Расталған ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеру қажет», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да қазақ тілін үйренемін деушілерге тілдік лагерь ұйымдастырылады

