Жаһандық экономиканың жаңа талаптары заманауи кадрлық саясат пен жаңа дағдыларды қажет етеді. Осыған орай жоғары білікті мамандарды тарту мәселелері «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ алаңында өткен дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы болды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Халықаралық көші-қон ұйымы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері пікір алмасты.
Қатысушылар Қазақстанның заманауи көші-қон саясатын қалыптастыру мәселесін талқылады. Шетелдік капиталды тарту тетіктерін жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар шетелдік мамандар, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін Қазақстанға келу, тұру және ұзақ мерзімді еңбек етуге қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жаңа саясаттың сыртқы және ішкі көші-қонды тиімді реттеуге, шетелдік адами капиталды тартуға және көші-қон рәсімдерін толық цифрландыруға бағытталғанын атап өтті.
«Құжатта “QazETA” бірыңғай цифрлық платформасын “e-Residency” модулімен енгізу, “e-Residency Invest” бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ жоғары білікті мамандар, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірқатар артықшылықтарды көздейтін арнайы “Алтын визаны” енгізу қарастырылған», – деді Ербол Тұяқбаев.
Бастамаларға Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері де қолдау білдірді. Ұйым өкілдерінің пікірінше, икемді әрі ашық көші-қон жүйесін қалыптастыру – Қазақстанның жаһандық бәсекеге бейімделуіндегі маңызды қадам.
«Мемлекет басшысының шешімін іске асыру халықаралық білікті мамандар мен инвестицияларды тартуға ғана емес, сонымен қатар қазақстанның жастарын болашақ еңбек нарығына бейімдеуге де жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ХКҚҰ миссиясы басшысының м. а. Әлия Белоносова.