Петропавл қаласы мен облыс аудандары прокуратураларының қызметкерлері кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Акция шеңберінде Есіл ауданының тұрғынына тұрғылықты және уақытша болатын жері бойынша тіркеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ақжар ауданында өтініш берушіге жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілді. Қызылжар ауданында тұрғын «Құқықтық дәріхана» шарасына жәрдемақы алу мәселесі бойынша келген. Прокурорлар қажетті құжаттарды жинау және оларды жәрдемақы төлеу үшін аудандық жұмыспен қамту бөліміне беру үшін сол жерде жедел көмек көрсетті.
«Құқықтық дәріхана» аясында Айыртау ауданының тұрғынына үй салу үшін жер учаскесін алу бойынша түсініктеме берілді. Акция аясында облыстың 132 тұрғыны әртүрлі мәселелер бойынша өтініш білдірді. Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 18 қабылдау өткізіп, 1000-нан астам азамат қабылданған.
Тағы оқыңыз: Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

