Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер айыппұл бойынша берешегі бар тұлғалармен жұмысты күшейтті. Шенділер бір күннің ішінде қарызды өтемей жүрген 200-ден астам шетел азаматын анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Негізгі назар шетел азаматтарына аударылуда. Олардың басым бөлігі — Қазақстан Республикасында тұру қағидаларын бұзғандар және СҚО аумағы арқылы транзитпен өту кезінде жылдамдықты асырып, автоматты бейнебақылау жүйелеріне тіркелген жүргізушілер. Тәртіп сақшылары оларды анықтап, айыппұлдарды төлеу қажеттігі туралы хабардар етуде.

Жұмыс «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 210 құқық бұзушы шетел азаматын анықтап, оларға хабарлама берді. Олардың көпшілігі айыппұлды бірден аударым арқылы төледі.

«Заңнамаға сәйкес айыппұл салынғаннан кейін бір аптаның ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік қарастырылған
Бұдан кейін толық соманы ерікті түрде төлеуге тағы 30 күн беріледі. Егер төлемесе материалдар жеке сот орындаушыларына жолданады», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да омарташылар мен саңырауқұлақ терушілерге ескерту жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *