17 мамырдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтті. Автобустардан бастап электрлі велосипедтерге дейін барлық көлік түрі тексеріледі. Бір күннің ішінде полицейлер мас күйде рөлге отырған жеті адамды анықтады, деп жазады Qazaqstan Media.

Полицейлерге мас күйде ұсталған жүргізушілердің бірі -34 жастағы қала тұрғыны. Ол Qyzyljar Creative center маңында орташа дәрежеде мас күйде ABS скутерін басқарған, әрі көлік жүргізу құқығы болмаған. Тұрғынды 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр.  

Сонымен қатар, тәулік ішінде СҚО-да көлік жүргізу құқығы жоқ 15 жүргізуші анықталды. Олардың қатарында Петропавлдағы М. Әуезов көшесінде тоқтатылған One Design электрлі велосипедінің 43 жастағы жүргізушісі де бар. Бұдан бөлек, бұл көлік құралы белгіленген тәртіппен тіркелмеген болып шықты.

Полицейлердің жұмысы «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күшейтілді. Аудандарда қосымша учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Тексерулер көліктің барлық түрін қамтыды. Әсіресе апат қаупі жоғары учаскелердегі қозғалысқа ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері СҚО-да 131 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 16 адам қаза тауып, 177 адам жарақат алды. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 41 мың түлек ҰБТ тапсырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *