Қызылжар ауданында Петропавл – Жезқазған республикалық автожолында жол қозғалысы қауіпсіздігіне бағытталған ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
«Рейдке аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және жастар ресурстық орталығының өкілі қатысты», – деп хабарлады Қызылжар ауданы әкімдігі.
Іс-шара барысында жолдағы жағдай дронның көмегімен әуеден бақыланды. Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мен тасжолда мұқият болудың маңызын еске салды.
Сондай-ақ жүргізушілерге ақпараттық жадынамалар мен арнайы брошюралар таратылды. Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы қайғылы жағдайларды болдырмау.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда креативті индустриялар саласын дамытуға арналған жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылады

