СҚО-да мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген 350-ге жуық сала маманы қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аймақтың түкпір-түкпірінен келген өнер адамдары Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында мәдениет қызметкерлері арасында «Өнер көкжалы» спорттық спартакиадасы бастау алды. Олар 3 күн бойы қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол және үстел теннисінен өзара мықтыны анықтайды.

СҚО-да мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр
СҚО-да мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр

«Спартакиадаға мәдениет басқармасына қарасты 20-дан астам команда, 350-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыс арқылы өнер адамдары бір-бірімен танысады, көңіл көтереді. Сонымен қатар, спортты да насихаттайды», — деді облыстық халық шығармашылығы және мәдениет-бос уақыт қызметі орталығының бөлім басшысы Жарқын Жұпархан.

Спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Волейбол жарысының шымылдығын Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры мен облыстық қуыршақ театры ашты. Сахна саңлақтары кәсіби спортшылардан кем түспеді. Әдемі комбинациялар мен шегеше қадалған жойқын соққылар ойынның көркін қыздырды. Тартыс қорытындысы бойынша Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қызметкерлері қарсыластарынан басым түсті.

«Қарсыластарымыздан 15-7, 15-10 басым түсті. Ойын көңілден шықты. 20-мамырда қазақ күресінен жарыс өтеді. Аталған додада да өнер көрсетемін», — деді Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі Жанболат Қонысбек.

Үстел теннисі додасы спартакиаданың одан әрі көркін қыздырды. Сайысқа 24 команда тіркелген. Барлығы жеңістен үмітті.

СҚО-да мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр
СҚО-да мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр

«Мәдениет саласында жүргеніме 6 жылдан асты. Үстел теннисін мектеп кезінен ойнаймын. Спартакиада өте жоғары деңгейде өтуде», — Айыртау аудандық мәдениет үйінің әншісі Наурызбай Рүстемов.

Ал тоғызқұмалақ додасына 21 команда қатысып жатыр. Барлығы 42 адам өнер көрсетуде. Спартакиада 20-мамырда өз мәресіне жетеді. Жарыстың жүлде қоры 3 млн 600 мың теңгені құрайды. Айта кету керек, облыстың мәдениет саласында 2700-ден астам адам жұмыс істейді. Оның 60 пайызы ауылдық жерлерде еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: Жерден де, әуеден де бақылауда: Қызылжар ауданында тасжолдарда профилактикалық шаралар өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *