Петропавлда Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін әскери қызметшілер арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир бастау алды. Сайыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері, атақты жерлесіміз Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарысқа 70-ке жуық қатысушы тіркелді. Олар жеті салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Бұл додада офицер мен сержанттардан бөлек, сарбаздар да бақ сынауда.

«Бұл жарыстың мақсаты – қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан командасын жинақтау. Бұл турнир алдағы уақытта өткізілетін жарыстарға іріктеу болып табылады. Сайысқа жеті бірдей команда қатысады», — деді ҚР ІІМ Ұлттық ұланы дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы

Айта кетейік, аталған турнир 16 мамыр күні аяқталады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы белбеулер мен сыйлықтар табысталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 750 неке тіркелген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *